30.10.2021
  872


Автор: Жібек Ысқақова

25 жасың құтты болсын, қарындасым!

Айдай жаны құлпырған қарындасым,
Жиырма беске сен бүгін қадам бастың.
Екінші мүшел жасың бұл шаттандырсын,
Жақсылығын жеткізіп әрбір жасың.

Көңіліңе қаяу-мұң түспесін еш,
Гүл өмірің құлпырып гүл көктемдей.
Әрбір күнің шаттығын сыйлай берсін,
Әр күніңе қуаныш, нұр сепкендей.

Қарындасым күлімдей түс, бағың жансын,
Раббым Алла бар жақсыны қабыл алсын.
Өміріңде сәттіліктер орын алып,
Амандықта бол жаным, қарындасым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу