Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  152


Автор: Исраил Сапарбай

Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған

Бұрымыңа арқаңда бұлғақтаған
Қараймын да, бiр əсем ырғақ табам.
Қол ұстасып екеумiз кетсек деймiн
Сонау сайын далаға гүл қаптаған.
...Айлы түн ғой. Əсем-ақ арай-маңай.
Сен қарайтын аспан да шарайнадай.
Адымыңды алға еркiн басшы, жаным,
Ауыл жаққа алаңдап, қарайламай.
Тiршiлiктiң уылжып шарбат дəмi,
Қол бұлғайды арманның арбап бағы.
Сездi ме екен бiр сырды,
Соңымыздан
жымыңдасып ауылдың қалды оттары...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу