Өлеңдер ✍️

  27.09.2021
  3322


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын жан балам он жасың

Есік ашты құлыным он жасың да,
Құтты болсын жан балам жаңа жасың.
Көңіліңді тербесін шаттық әуен,
Қосылып ұлым әр жылы жасқа жасың.

Жанарыңды жан балам мұң шалмасын,
Қыстай мықты денсаулық тілеймін мен.
Жадырай бер жаздай жайнап ұлым менің,
Бар бақытқа қол жеткізіп өмірде сен.

Самға ұлым, қыран құстай биік самға,
Несібеңнен құр қалып, қапы қалма.
Қанаттарың талмасын, әрқашанда,
Қарсы алсын құлыным бақыт алда.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу