11.08.2021
  263


Автор: Төрехан МАЙБАС

ИТ ӨЛГЕН ЖЕР

Ит жеті қазынаның бірі. Жұмақта болатын мақұлықаттың ішінде ит те бар.
Құс өзі үшін алады, ит иесі үшін алады. Адам ұстаған мақұлықаттың ішіндегі ең тазасы осы ит. Әлекедей жаланған деп айтса қазақ тек тазының жүйріктігімен қоса оның тазалығын да айтып отыр. Соған орай қазақ баласы тазыны төрге оздырған. Мұнан біздің білеріміз ит иесі үшін ауру-сырқау әкелмейді екен. Ит ауырғанда иесінен алыстай бастайды. Әлі жеткенше денесін сүйреп барып өледі. Демек, ит өлген жер деген сөз алыс жер деген сөз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу