👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  29.07.2021
  46


Автор: Сырбай Мәуленов

Еркіндіктің ең соңғы ұлы

(Н.С. Шеншинге арналады)

1.
Тебірентіп албырт қиял, жастық сезім,
Болды бір ермек үшін жазған кезім.
Қанымда дауыл ойнап жалынменен,
Махаббат жанды азаптап жәбірлеген,
Құйындай құйқылжыған өлеңіммен
Құпия деп сырды өзім бере білгем.
Ұшты ол күн арманындай аталатын,
Алғашқы кетті алдап махаббатым!..
2.
Болдым мен жалқы ұлы бұл жалғанның
Іздедім досты – бірақ таба алмадым
Кездестім, жалғыз сенің жылы сөзің,
Шел басқан жарқыратты нұрын көзің
Уа, құрбым, адал антты қабылдашы,
Елімнің жыры менен әнін алшы.
Ізгі дос, осы бір жыр болар жыры,
Үзіліп қалған шектің соңғы үні!..
Мұндай ер қайта туар ма?
«Гяур». Байрон
Күз келді алтынменен қойды аптап,
Бастарын емендердің жарқыратып,
Толассыз қара нөсер құйды қаптап,
Даланың шөбін жығып қалтыратып.
Құр бекер аңшы қырма жалбалақтап
Қияда қия кезген бос далақтап
Аңды да қиын енді оған таппақ.
3.
Мейлі оған пайдасы жоқ тапқанымен
Оған жел кетер алып атқанымен.
Туған жел мұз қойныңда бір қаһарлы
Ильменьнің жағасында тұрған талды
Еңсеріп екпінімен бұралтады.
Көгілдір сұрша бұлттың қойнында ұшып,
Тырналар көкте қалқып тізілісіп,
Барады оңтүстікке жайлы жерге.
Шуылдап шағалалар үн қосады
Айнала үйіріліп айдын көлде.
Жамылып дымқыл түнек сыз пердесін
Төкпейді жұлдыздар да нұр сәулесін.
Күз келді- жайылған мал қыр басында
Шұбырды жайлы жылы қорасына.
Тұманға күн батады қызғылт тартып,
Мейлі, ол төкпесін нұр енді қайтып.
Новгород түтініне ұшқан көлбей
Қойсын ол бұдан былай жарық бермей
Славян өзендері серпіп төсін.
Зырлаған балықшының желпімесін
Желкенін майда қоңыр желдің лебі.
Дүние – ай! Жау еңсені басып өтті,
Тәкаппар ел табынар күні туды,
Азаттық ән мен жыры қасиетті
(Тартты ол талайсыз боп тақсыретті)
Ілезде – ақ адыар қап ұмытылды.
Бәрі де бітті енді! Жауыз Варяг
Славян құдайларын талқандады.
Кесір боп жалғыз қадам басқан ағат.
Азат ел құл болады да, арқандалды! –
Жүр бір топ көңілдері қаяулы адам.
Орманмен сан –саланы саялаған,
Көрсе де көк жүзінен түскен жайды
Отынан өзін өзі аямаған.
Қуғында көтерсе де азап жүгті
Ойлайды орнатуға азаттықты.
Отанның ұлдары ержүректі
Келеді үміт ойнап көкіректі.
Осылай қара бұлттың арасынан
Дауылдың тасын жарып аласұрған,
Кигізіп тауға алтын сәукелесін.
Аспанда қара түтін қанат жайған
Будақтап бұрқ-сарқ етіп шықты қайдан?
Күркіреп дөң үстінде тасқын қайнап,
Лапылдап шалқиды от жалын ойнап,
Шарпылып қалың орман қалды жайрап.
Үстінде қасқыр ішкі барлығының
Қалқансыз алдында от жарығының
Отырды іштерінен алып тыным.
Секілді күңгірт қайғы көлеңкесі,
Жеті ер отыр түсіп өр еңсесі.
Алты жас, іштерінде біреуі шал,
Осылар нағыз өжет славяндар.
Өзінің серіктері батырлардың,
Естімес қанды ұрысқа шақырғанын,
Көре алмас енді қайтып ешуақытта
Жанашыр жараны мен жақындарын.
Көлменен қоштасты олар ұлы сертпен
Азапты тепкісінде жаудың өктем.
Күндерін өткізьесе қасіретпен,
Кетпеске құл-құтан боп осы бетпен.
Әруағы ата-баба тебіреніп,
Көрінен қайта тұрып күңіреніп,
Қайғысын қайрап тіске оятпасқа
Бұларды жатқанында ұйқы жеңіп.
О, егер кектің отын зор құдірет.
Жіберсе жарар еді жебеп-желеп!..
Болды айқас ешқандай зат пар түспеген...
Міне осы соғыс деген!жазмыш деген!...
Жас жігіт былайша тіл қалды қатып:
«Кеудемде көкпен бірге қаным қатып.
Суырдым неге қылыш жалаңдатып?
Бәрібір көре алмаймыз біздер жеңіс
Атымыз ұмытылып қалар тегіс.
Аяқсыз қалған істі орта жолда
Ескіркеп ешбір адам алмас ойға.
Сондай –ақ бір лашықты салып жатқан
Даланың желі айдайтын дауылдатқан! »
«Сорладық,- деді тұрып екіншісі
Құдайлар қаһарының кекті күші!
Сол қаһар айналып бір от жасынға
Жұлдыз боп сорғаласын жау басына.
Айқаста жауыздардың үрейі ұшсын,
Соғыста өз ағынан күйреп түссін! »
Отырды босқын жандар әңгіме айтып,
Кресті қатты ұстап қалған қатып.
Жүзінен нұры қашқан ойға батып,
Біреуі орынынан тұрды атып.
Алдында күңгірт тартқан толқынды алап,
Ол соған көз жіберіп тұрды қарап.
Көз жазып сол алаптан бір уақытта
Былай деп қасындағы айтты қартқа:
«жарымның нәзік қолы тигендей боп
Ән –күймен әлденеді шерлі көңіл,
Шырқашы қадірменді қарт Ингелот
Не болса, сол туралы әйтеуір бір.
Жырлашы қапаланған қайғы басып,
Өксіген қасіретті көңілді ашып.
Жырла сен басқаларға , мендегі кек
Балалық мұң зарынан бөлегірек,
Өткен күн , бізді күткен алдағы да
Кегімнің бас ұрады аяғына! »
«Вадим! –деп қарт қайтара қатты жаулап,
Жырымды неге айтайын саған арнап,
Деме олай! Сенің маған айтқан сырың
Жатады жалғыз жайлап жан түкпірін!
Беремін басқа жырды жырлап саған
Сол жырды құлақ қойып, тыңда, балам!»
Ақ шашын қарияның желпіп жайлап,
Ерке жел қанатымен кетеді ойнап.
Шабытты от тұтанып жанарында
Жыр кетті шалқып, қалқып жоғарыға
Секілді қанды майдан жаңғырығы
Кей кезде шығады үзік әннің үні.
Дөңбекшіп дөң қасында жатқан тасқын
Жұлкылап жұлып мүгін ағаш , тастың.
Бір шырқып әнге өзінің үнін қосты.
Ерлердің, керек десең, елестері
Бұп –бұйра бұлт ішінен елестеді.
Сол жырды қарапайым, әрі тағы
Тыңдады жоғарыдан ұйып бәрі.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы