Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  120


Автор: Сәкен Иманасов

Қызығымның былайғы тастап бәрін

Қызығымның былайғы тастап бәрін,
келіп еді тағы бір асқақтағым,
бас тартқаның демесең болды, жаным,
қашқақтадым,
амалсыз қашқақтадым.
Сен десем де ендігі салар әнім,
күпті болар күні ертең жара мәлім.
Өте тұра — өзіңді — кезіккенде
көре тұра — көзіңе қарамадым.
Бір иіскесем монтиған анардан кеп,
Қөңіл-итің құнығып,
алар дәндеп.
Қашқақтадым амалсыз қаталатқан
махаббаттан айырылып қалам ба деп!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу