Өлеңдер ✍️

  12.07.2021
  100


Айсұлу Рүстемова‎

Көше лайсаң

Көше лайсаң.
Көңілім де лайсаң.
Көрер едің
Менше бір сәт ұға алсаң.
Өлең болып
Ақ қағазға түседі,
Кеудемдегі ой
Оянады мұңайсам.
Мен қайтемін.
Бақтар қалған үндемей.
Ағаштар да
күзде жансыз сүлдедей.
Ойланамын
Осы бақта отырып,
Ортаямын
оралам деп күнге кей.
Жуып-шайып
Жатыр барлық кінәсін.
Аспанның да
Көңілі босап, жыласын.
Жүрегімде
Жердің жасыл реңі,
көзім жасы
Көктен медет сұрасын.
Жапырақтар
Жатыр әсем бүлініп,
Кетпейді оған
аяқтар да сүрініп.
Өмір деген
Жаз секілді қорғансыз,
Күндер легі
Бірі -үміт, бірі -ұмыт.
Сияқтымыз
Біз де бір-бір жапырақ.
Қуанамыз,
Қайғырамыз аһылап.
Адам ие
Күллі әлемге ақылмен,
Және ақылға
Қарсы тұрған ақымақ!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу