Өлеңдер ✍️

  09.07.2021
  132


Автор: Айтуар Өтегенов

Сайыс бар ма?

Сайыс бар ма?
Сәйгүлігін баптайды,
Қалай қайрат бір жұлқыспай тоқтайды.
Жиырма бестер дамылдауды білмейді,
Жиырма бестер түнде де ұйықтап жатпайды.
Жүрек деген алып-ұшып соғады,
Толқындардай ұрған жартас, жағаны.
Жиырма бестер шырқау биік шыңды асып,
Жиырма бестер жұлдыз болып ағады.
Жиырма бесте табар адам мұратын,
/Осы шақ қой үй-тұрмыста құратын/.
Жиырма бестер біле білсек өмірге,
Көрік беріп,
Желік беріп тұратын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу