Өлеңдер ✍️

  04.07.2021
  251


Автор: Иса Байзақов

Қалқа

Бұл әннің кім біледі аты Қалқа,
Қалқаны сағындым ғой айта-айта,
Қолға алып домбыраны шырқағанда,
Тырнақтан сау қалған жоқ тарта-тарта.

Қалқаның сағынғанда салған әні,
Үзілтіп, елжіретіп толғағаны,
Сүйгенін, сүйенгенін есіне алып,
Жай таппас әнге салса кімнің жаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу