Өлеңдер ✍️

  18.05.2021
  234


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ата және немере

Ата менен немере
Аяқталмас бір дастан.
Екеуіне не керек
Егілмесе нұрлы аспан!
Артық кім бар, шынында,
Ауылдағы қартыңнан!
Немересі Құлындай
Құлдырайды артынан.
Баласының баласы
Бауыр баспай қалды ма?
Атқа қонса атасы
Отырады алдына.
Қуанады атасы
Қауын үзіп бақшадан.
Немеренің сапасы
Бөлегірек шақшадан.
Шіркін, қарттар шабытты
Шұбыртады-ау батасын!
Немерелер бақытты
Түшкірткенге атасын.
Қуат алып,
Күшейіп,
Мәз болады шал қанша!
Немересі есейіп
"Насыбайсыз" қалғанша!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу