Өлеңдер ✍️

  06.05.2021
  189


Автор: Әбділда Тәжібаев

Базына

Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,
Арнап соған қайрап келем тісімді.
Араным да айдаһардай ашулы,
Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.
Толсын қазан қазы менен қартаға,
Күтсін жеңгем жегіш аузын қайнының.
Тартсын әкеп астауменен ортаға,
Керегі не ет үнемдеп баюдың!
Ой, жейінші Еттен кегімді алайын,
Көрсетейін ашқарақтың ерлігін.
Тым болмаса ет толтырсын ағаның
Маған деген мейрімінің кемдігін.
Мәз бол, аға, «жалған сыйлап ұттым» деп,
Мен де алданып сенген болып қалайын.
«Достықтары неткен мұнша мықты!» - деп
Айтып жүрсін қызықтағыш ағайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу