03.05.2021
  226


Автор: Сағи Әбілхасенұлы

БАҚЫТЖАННЫҢ ЖОЛЫ БӨЛЕК

Бірде аяғы ауырып Сағи ағамыз бір жетідей науқастанып қалады. Бірақ дер кезіңде дәрігерге көрініп, ем қабылдайды. Сонда көңілін сұраған көршісі Сырым деген жігітке:
Бақытжанның жолы бөлек,
Жан қысылғанда керек.
Диагнозын дәл тауып,
Жасайды жедел көмек.
Мысқылдап кірген сырқаттың,
Қояды алдын бөгеп.
Аяғымның ақауын,
Берді ініміз жөндеп,
-деп өзін емдеген Әулиекөлдік терапевт - дәрігер Бақытжан Жүсіповтің мәртебесін өсіріп, айбынын асыра сөйлепті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу