21.02.2024
  258


Автор: Брайан Трейси

Ой көзімен қарау — сезімтал болу және әсершіл ойларға берілумен тығыз байланысты. Суреттерден бөлек сіз өзіңіздің санаңызда сол мақсаттарға жеткен уақытта болатын сезімдерді де жасап көресіз. Мысалы, сыйлық алғанда сіз өзіңізді көтеріңкі көңіл және бақытты сезінесіз, сізге күлімсіреп қол соғып тұрған адамдарды көресіз. Егер жұмыс істеп, қомақты ақша тапсаңыз, өзіңізді табысты жеңімпаз адамдай сезінесіз. Егер сіз байқаудан жеңіп шықсаңыз, өзіңіз армандаған үй не машина сатып алсаңыз, ойыңыздағыдай мінсіз өмірлік серік тапсаңыз, қандай бақытты боларыңызды елестетіп көріңізші. Осының әрқайсысын өз алдына сезініп көріңіз. Сіздің санаңызда осы көріністермен бірге болатын әсерлерді сезініңіз. Армандарыңыздың сезіммен біріккен суреті сіздің сана-сезіміңізге тереңірек еніп, сіздің мақсатыңызды шындыққа айналдыру үшін, сіздің барлық ақыл-ой күштеріңіздің тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуіне әсер етеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу