Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  93


Автор: Жібек Ысқақова

ҮНСІЗ ЖҮРЕК ЖЫЛАЙДЫ

Түсінер жан бар ма екен,
Мендік мына күйімді.
Ойлап небір жайларды,
Іштей жаным күйінді.
Тыным бермей жалғыздық,
Үн қатады жүрегім.
Махаббаттан бір жола,
Үзгендейін күдерін...
Бірі алдайды аймын деп,
Жарық берер түндегі.
Енді бірі күнмін дер,
Жылу сыйлар үндері...
Біреу қарар қалтаңа,
Тесік болса жоқ болар.
Жақсы көрген сөздері,
Алдау, арбау боп қалар.
Жүрсең егер жұмыссыз,
Махаббат жоқ, сезім жоқ.
Болса егер қызметің,
Махаббат пен сезім көп.
Ақшаң болса қалтаңда,
Сенен жақсы табалмас.
Оттай жанған сезімі,
Жүрісінен жаңылмас.
Бұлт үйрілсе басыңа,
Кетер сезім жоқ болып.
Орын алып бақа есеп,
Сылтаулары көп болып.
 Содан жүрек қалады,
Жалғызсырап тағы да.
Әлсін-әлсін үн қатар,
Соғысынан жаңыла...
Үнсіз жүрек жылайды,
Дертке іштей малынып.
Жақсы адамды жібер деп,
Жаратқанға жалынып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу