Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  84


Автор: Серікбай Оспанов

Адамның мінезі қызық-ақ...

Адамның мінезі қызық-ақ,


Бәрін ел зерттеп, біліп пе?


Отырам мен кейде тұнжырап,


Отырам жадырап-күліп те.


 


Өзім білемін жайымды,


Жұмсақ па, қатты ма мінезім.


Бірақ та


Ауа райымды


Өзгертіп тұратын бір өзің!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу