Өлеңдер ✍️

  06.06.2023
  64


Автор: Әкелер күні

Әкелердің барында

Әкелердің барында құрметтейік,
Ақ көңілін олардың кірлетпейік.
Әке біздің Асқардай тауымыз бұл,
Тауымыздың күйін бұл күйретпейік!

Әкелердің барында шаттанайық,
Әкелермен бір болып, бақ табайық.
Әке деген таңымыз ататұғын,
Таңымыздың күйімен бапталайық!

Әкелердің барында шүкір дейік,
Киім-кешек, жанымыз бүтін дейік.
Әке деген алтындай тағымыз ол,
Тағымыздың сақтайық құтын биік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу