Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  88


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Сүйіктім дәйім жанымда

(1795)

Қиялымда елестейсің дәйім.
Көрінсе.де сәуле тереңнен.
Қиялымда елестейсің, айым,
Жарқ етсе де өзеннен.
Көрем сені, аруақтар түнде,
Алса да мені қоршауға.
Көрем сені жүргенде.—
Қиясы тар зор тауда.
Естимін мен даусыңды сенің,
Теңіздің шулы үнімен.
Ой қысса да кеудемді менің,
Орманда тыныш мүлгіген.
Жанымдасың дәйім сен менің,
Қиялымда — елесің!
Күн сөнді, жұлдызым,
Енді қашан келесің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу