12.04.2023
  204


Автор: Ғашықтар күні

Қозы Көрпеш — Баян сұлу

Қозы Көрпеш — Баян сұлу күніне негізделіп белгіленген 15 сәуір «Ғашықтар күні»  болып табылады.  Бұл күн атаулы күн ретінде 2011 жылы ресми түрде мемлекеттік мерекелік атаулы күндер тізіміне алынды.  Содан бері қанатын кеңге жайып жыл өткен сайын дәл осы күні  көптеген түрлі іс-шаралар өткізілуде.  Расында бұл атаулы күн қазіргі таңда мемлекет көлемінде аталып өтіліп келеді.  Қозы Көрпеш — Баян Сұлу,  Қыз Жібек пен Төлеген,  Еңлік — Кебек сынды түрлі ғашықтарға арналған пьессалар қойылып,  қазақ теле арналарынан аталған ғашықтар жайлы түрлі деректі  фильмдер мен көркем фильмдер көрсетіліп жатады.  Дәл осы күні аталған ғашықтар жайлы ақпараттар көптеп дәріптеліп,  ел назарына ұсынылып жатады. 
     Түрлі әлеуметтік желілерде 15 сәуір «Ғашықтар күні»  деп жазылған құттықтау картиналар,  өлеңдер,  жүректен шыққан құттықтау тілектер де дәл осы күні жарияланып жатады. 2011 жылдан бастау алған бұл 15 сәуір мерекелік күн ретінде белгіленген күннен бастап Алматы қаласының әкімдігі түрлі іс-шараларды алғаш болып дәл осы күні өткізген болатын. 2012 жылы Астана қаласында Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері бұл ғашықтар күнін қазақтың «ақсүйек» ойынымен жанғыртып, мерекелік жастар ойын-сауығын ұйымдастырды. Бұл дегеніміз «Ғашықтар күніне» деген құрмет, жастар бойындағы пәк сезімді аялап, қазақи салт-дәстүрімізге сай көрсете білу деп білеміз. Қазақта көп қой, осындай Ғашықтар күнінде жастардың бас қосып, қазақи салт-дәстүрімізге сай алтыбақан тебетін, қыз қуу сынды ойындар қазақтың бір-біріне ғашық жастарының бір-біріне деген риясыз пәк көңілін көрсетеді деп білемін.
Алдағы уақытта да дәл осы күні, яғни 15 сәуір күні Ғашықтар күнінің мемлекеттік деңгейде тойлануы жалғасын таба береді деген ниетпен бір-біріне ғашық болып, ғашықтығын іштей айта алмай жүрген жандарды, бір-біріне ғашықтығын бар әлемге жар салып айтып жүрген жастарды, бір-біріне ғашық болып, үйленіп, отбасы құрып, жаңа өмірге қадам басып жатқан жас отаулы ғашықтарды, бірін-бірі шын сүйіп қосылған, үйленгендеріне он, жиырма, отыз жыл уақыт өткен, немере сүйіп отырған мерейлі отбсыларды келіп жеткен 15 сәуір Ғашықтар күнімен құттықтаймыз!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу