12.04.2023
  172


Автор: Ғашықтар күні

Құттықтаймын ғашықтар күнімен

Ағам жеңгем қол ұстасып бір жүрген,
Құттықтаймын ғашықтардың күнімен.
Қозы менен Баяндай жүрек соғып,
Жүріңіздер махаббаттың ізімен.

Сезімдерің жанданып әр күн сайын,
Жүріңіздер лайым жоқ боп уайым.
Сыйластықта абырой,  сенім артып,
Бақытты боп жүріңдер әркез дәйім.

Ғашықтарша үн қатып әрбір күні,
Солмасыншы лайым сезім гүлі.
Жаратқаным жар болып өздеріңе,
Жоғалмасын ешқашан сенім нұры.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу