12.04.2023
  673


Автор: Ғашықтар күні

Мерекеңмен жан-жарым (әйеліме)

Ұл-қызымның анасы еркелеткен,
Мерекеңмен жан-жарым келіп жеткен.
Құтты болсын Ғашықтар күні осы,
Ғашықтардың жүрегін дүбірлі еткен.

Отанасы өзіңсің отбасымның,
Мейіріммен қарайтын жан-жағына.
Аман жүрші ғашығым,  асыл жарым,
Қадам басқан менімен арманыма.

Кетпесінші жан-жарым жүзіңнен нұр,
Қол ұстасып жүрейін өзіңмен бір.
Жаратқаным жар болып біздерге әркез,
Жолдай берсін таусылмас ән менен жыр. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу