12.04.2023
  83


Автор: Ғашықтар күні

Бақытты бол, Ғашықтар

Бақытты бол ғашықтар,
Әр күндерің нұрланып.
Төлегенмен Жібектей,
Сезімдерің жырланып.

Көңілдерің жайлансын,
Арайлы таң күлімдеп.
Бақытты бол ғашықтар,
Сәтті болып күнің тек.

Бар жақсылық орнасын,
Жүректерің бір соғып.
Айдын көлде жүзіңдер,
Толған айдай бір толып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу