Баталар ✍️

  08.02.2023
  273


Автор: 8 наурыз

Құтты болсын мереке

Көктем келді мінеки,
Құтты болсын мереке!
Әрбір үйде лайым,
Арта берсін береке!
Аман болып әжелер,
Сыйластықты бастасын!
Мейірімді аналар,
Теріс жолды баспасын!
Ұйымшыл боп жеңгелер,
Астарыңыз көп болсын!
Ибалы боп келіндер,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Аты шықпай қыздардың,
Қуанышын көрейік!
Өсіп жатқан жастарға,
Үлгі-өнеге берейік!
Әр отбасы аман боп,
Әрбір үйде бақ болсын!
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсылық тап болсын!
Адалдықтар орналып,
Арамзалар жоқ болсын!
Жұмысымыз оң болып,
Көңіліміз тоқ болсын!
Әрбір көктем нұр сыйлап,
Үмітіміз ақталсын!
Раббым Алла Жаратқан,
Түрлі апаттан сақтасын!
Аман болып еліміз,
Ынтымақтар көп болсын!
Тыныш болып жеріміз,
Ұрыс-керіс жоқ болсын!
Елді алға бастайтын,
Саналы ұрпақ көп болсын!
Бұл мереке құтты боп,
Қиындықтар жоқ болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу