08.02.2023
  126


Автор: Намаз

Тиләуәт сәждесі мәкрүһ уақытта жасала ма?

 


Кісі бұрын оқыған немесе естіген «Тиләуәт сәждесін»[30]мына уақыттарда жасамайды:


1. Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт ішінде.


2. Күннің дәл тас төбеде. (Шамамен бесін уақытысынан бұрын 40 минут)


3. Күннің қызарып батуға бет алуымен, толықтай батқанға дейінгі уақыт арасында.


Осы үш уақытта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) намаз оқудан, жаназа шығарудан тыйған. Тиләуәт сәждесі де намазға ұқсас болғандықтан, оны да аталмыш уақыттарда жасауға болмайды.


Бірақ, егер, осы үш уақыттың бірінде тиләуәт сәждесін оқыған болса, немесе естіген болса, онда сол сәтте тиләуәт сәждесін жасауға рұқсат. Сонда да, кейінге қалдырған абзал.


Аталмыш үш уақыттардан өзге уақыттарда тиләуәт сәждесін жасауға болады. Мысалы: Таң намазы кіргеннен, күн шыққанға дейінгі уақыт арасында; Асыр намазынан кейін, күннің қызарып батуға бет алуына дейінгі уақыт аралығында т.б.[31] .




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу