28.12.2022
  103


Автор: Сейітқұл Оспанов

«Бұл мен ғой...»

 


 


Лұқпан жексенбі күні көбіне кітапханада болады. Кітапхана алыста емес. Үлкен көшенің арғы бетінде. Екі ара бес минуттық жол. Түсте үйге келіп тамақ ішіп кетеді.


Бір күні папасына еріп, Айнұр да кітапханаға барды. Залда отырып, көптеген сурет-кітапшаларды көрді. Ежіктеп «Бал­дырған» журналын оқыды. Әне-міне дегенше түс болды. Айнұрдың қарны ашты. Орнынан тұрып, кітапханашының үстелінің үстіндегі қызыл телефонға барды.


– Апай, үйге телефон соғуға бола ма? – Соға ғой, – деді кітапханашы әйел.


Айнұр телефоннан үйдің нөмірін терді. Ар жақтан мамасының даусы естілді. – Алло, бұл кім?


– Мама, бұл мен ғой. Кітапханадан телефон соғып тұрмын. Түскі тамақ әзір ме?


– Әзір.


– Онда мен қазір барамын. Қарным ашты. – Келе ғой, кішкентай оқымыстым.


Ажар күлді.


Айнұр кітапханаға папасы құсап үйге телефон соғу үшін барған еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу