Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  147


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Ұшқыр уақыт алғырлықты қалайды

Тағдыр тосса алынбайтын қамалын,
Бұзып өтер қуат, қайрат бары анық.
Компартия, Отан берген күш-жігер,
Он бойымда қанымда жүр таралып.
Қат-қат ойлар түнгі ұйқымды қашырып,
Оянамын ертеңіме асығып.
Өз бойымнан жақсы нышан жарқ етсе,
Қаларым жоқ өзгелерден жасырып.
Өнерліні, өнерді де сыйлаймын,
Күйбің - кұйбің от басында жинаймын.
Уақыт шіркін өтіп жатыр зымырап,
Өтіп жатқан уақытымды қимаймын.
Айтарымды айтып әзір болғам жоқ,
Қонатұғын тұғырыма қонғам жоқ.
Көңілімнің көк кептері ұшып жүр,
Ұша бермек, қанаты оның талған жоқ.
Таңым атып тұрған шақта арайлы,
Ұшқыр уақыт алғырлықты қалайды.
Көк аспанның тереңдігін сыйласаң,
Тағдыр маған сол сыйлығың жарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу