Баталар ✍️

  04.11.2022
  169


Автор: Тәуелсіздік күні

Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы желтоқсан,
Кұтты болсын қазағым!
Тұғырлы боп азаттық,
Тарқамасын базарың!
Көркейіп ел күн сайын,
Кіре берсін ажарың!
Таң қалдырар әр күні,
Таусылмасын ғажабың!
Тәуелсіздік мәңгі боп,
Көңілдерің жайнасын!
Ынтымақта, бірлікте,
Басыңнан бақ таймасын!
Арайлы таң нұрлы боп,
Таба берсін жалғасын!
Шаттық тербеп жаныңды,
Қиындықтар болмасын!
Көк туымыз желбіреп,
Жанымызға дем берсін!
Шырқалып Әнұран бұл,
Қазақ елім тербелсін!
Ғажайыптар орналып,
Қазақстан жайнасын!
Елтаңбасы төрінде,
Тәуелсіздікті тойласын!
Бейбіт күндер жалғасып,
Азаттығым жандансын!
Тәуелсіз қазақ жеріме,
Бүкіл әлем таңдансын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу