Баталар ✍️

  04.11.2022
  384


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Байтақ елім, қазағым,
Қолды жай бата берейін.
Қазағым аман болсын деп,
Маржан сөзді терейін.
Тәуелсіздік құтты боп,
Жақсылыққа бастасын.
Саулықтарың мықты боп,
Жаратқаным растасын!
Тыныш болып еліміз,
Қиындықтар баспасын!
Жастарымыз бірлікте,
Ел үмітін ақтасын!
Көк туымыз желбіреп,
Болашаққа баптасын!
Тұғырлы боп азаттық,
Егеменді ел сақталсын!
Көзін тіккен шетелдік,
Шекарадан аспасын!
Елді қорғар ерлерім,
Үйлерінде жатпасын!
Қазақ елім, азат ел,
Сені Аллахым сақтасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу