Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  78


Автор: Түрік поэзиясы

АЛТЫНШАШТЫ КӨКТЕМ

Бұл мезгіл тынымсыз,
жанданған тіршілік,
Сулар сылдырап, бұтақтан бүр шығып.
Сезімдер көбіктей жалтылдап құбылған,
«Кел Шексіз айдынға шықсақ» деп құлшынып.
Сəулелі əлемнен нұр жауып орайды,
Бұл мезгіл қуаныш,
шат-думан орайлы.
Сарғайып, сағынып осы бір сəттерді,
Өлгендер біртіндеп тіріліп зорайды...
Айнала сұлулық,
ғажайып жарасты,
Өткені секілді күлген кез алғашқы...
Бақшада гүл ашқан шоқ-шоқ боп сəнімен,
Дəмі өзге жемісі
иетін ағашты...
Самал да сезім боп аймалап еседі,
Теңізден тербелген толқындар өседі.
Таулар мен жайлауда алтыншаш көктемнің,
Мың бір өрнегі көкейді теседі.
Ертеңгі атар таң, онан да түрленер,
Дүние жаңарып нұрланған күн келер.
Тозады қараңғы, тоқтайды тоң айбат,
АРШЫДА жазылған келеді күллі өнер




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу