Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  111


Автор: Түрік поэзиясы

ТАР ДҮНИЕ

Жүрегім кеудеме сыймайды,
Кеудем бөлмеме.
Бөлмем үйіме сыймайды,
Үйім дүниеге.
Дүнием əлемге сыймайды,
Əрдайым осылай қинайды.
Қасіреттен
Мылқау болып қалып ем,
Сол болар-ау
Деген едім жаныма ем,
Үнсіздігім жер мен көкке
сыймайды,
Көңіліме ұнамаса сезімім,
Басым үшін болып алды
ми қайғы.
Міне, осылай бүкіл дүние
Тарылып,
Бас сүйегім бара жатыр
Жарылып.
Себебі не,
Енді-енді түсіндім,
Түсіндім де өз-өзімнен қысылдым.
Барлығын да ғұламаша талдаймын
Ешкімге, əттең, түсіндіре алмаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу