Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  81


Автор: Һусейін НиҺал АТСЫЗ

ЕР ТҮРІКТЕР ТУРАЛЫ ЖЫР

Ер Түрікпіз – өлуге əзір, Ұлы Мұрат жолында,
Ата дəстүр, ар намыс пен Бөрібайрақ қолында.
Жер қайысқан əскер тұрсын, қорықпай алға басамыз,
Қарсы келген қас-дұшпанның қанын судай шашамыз.
Біз Тұрфанды салдық, Батыс – əлі есінеп жатқанда,
Нұх пайғамбар тумай жатып, ат ойнаттық ақ тауға.
Түрік күші, Түрік тілі жəйлі Көктен сұрағын,
Жауынгерлер ерлігіне көзің жетер, шырағым.
Жер ойылып, аспан құлап, əлем отқа орансын,
Біздер үшін Ұлы Мұрат – түбінде алар болар шың.
Жасқанбаймыз дүлей боран, найзағайдан, жауыннан,
Ер Түрікпіз от жүректі – жаратылған дауылдан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу