Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  104


Автор: Түрік поэзиясы

Бір бұлбұл құс қонды таудың басына...

Бір бұлбұл құс қонды таудың басына,
Жібер, Аллам, жібер, өлкеме барайын.
Қыран ұя салар шыңның басына,
Жібер, Аллам, жібер, өлкеме барайын.
Біздің елге тау жолымен өтеді
Елдің аян ата-анаңдай екені,
Жат жер құлдың бола алмайды мекені,
Жібер, Аллам, жібер, өлкеме барайын.
Қалай басам далаларды егінді,
Сол үшін де құрбан шалсам дедім-ді.
Хақтың ісі, кім табады емімді,
Жібер, Аллам, жібер, өлкеме барайын.
Жемін жеген ат жарады сапарға,
Екі жерлес қосылмақшы қатарға,
Елді аңсаған ерлер тыныш жатар ма,
Жібер, Аллам, жібер, өлкеме барайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу