Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  123


Автор: Мыңбай Рәш

Сен бе едің?...

Сандуғашым, сағынышым сен менің.
Жалт қарасаң жүрегімді емдедің.
Жатсам-тұрсам көкейімнен кетпейсің
Сыры бөлек сөнбес сәулем сен бе едің?!
Бір өзіңе мені жіпсіз байладың.
Көрген сайын жұпар гүлдей жайнадың.
Ризамын сені тапқан анаңа
Жан бағымның бұлбұлындай сайрадың.
Құрғақ қиял-қолы қысқа жетер ме?
Қимасаң да тіл қатпадың кетерде.
Қалай ғана кезіктірді тағдырым
Көрген түстей болдың ғайып бекерге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу