Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жайлауда бір жылқышы,Жылқышы – әнші жыл құсы.
Зауза ұшады зыңылдап,Зуылдайды зырылдап.Зәулім дәу заңғарлар,Зәру ме Зәмзамға.Зарыққан аңғалдар,Зақымсыз заулауға.
Иса шиша жуса,Мұса – шиша жуса.
Көп тау қатпарлы тау,Қапталды тау малды тау,Қаппарлы тау талды тау.
Кетпенбай кетпендi алып кеткен бе?Кетпендi алған Кетпенбайға кектенбе?
Көктемде көк көп көктей ме,Күзде көк көп көктей ме?
Көлбай көлдей орамалмен сүртінді,Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.
Күйші інім, биші ініме:«Бетімнен сүйші, інім!»– деді.Биші інім:«Сүймеймін, билеймін, бишімін!»– деді.
Кетпеннің басын басса,Тиеді сабы басқа.Ал егер сабын бассаТие ме басы басқа?
– Кім сызғышсыз?– Біз сызғышсызбыз.– СызғышсыздарғаСызғышсыз сызғыз.
Көк көйлек, көк көйлек,Тек өзіме дөп көйлек.
Көп көкбеттенгенің нең,Көп көкбеттенбегенің жөн.
Келген малшыӘрі әнші,Әрі аңшы.
Кеспе, өссін тал,Өссе – өсімтал.Өссе, өссін тал,Кеспе, өссін тал.
Көктем жауын-шашынсыз болмас,Жауын-шашынсыз болмас,Жасынсыз болмас.
Көк базарда күзде бәрі бар,Барып бәрін, бәрін ал.
Көк бұйра бір бұлақ,Тіл қатар былдырап,Тастарды ұрғылап.
Кекілік-ау, кекілік,Кетіп қалма секіріп.
Көк тырна,Көптырна.Тыраулап тек,Көп тұрма.
Көп көкек,Көкектеп,Көктен келді.Көкек кеп,Көптеп кеп,Көктем келді.
Көк ешкі көп шөп жеді,Көп шөп жегенде де көк шөп жеді.Көк ешкі көп шөп жеді,Көп шөп жегенде де көк шөп жеді.
Құнан қойдыМай қартайтар болар ма?Май қартайтар болар ма?
Құрықтан құлдырап түстiм,Сырықтан сылдырап түстiм.
Қай тайлақ лақтай,Қай лақ тайлақтай?
Қурайлының жерiнде,Қоңыр айғырдың үйiрiнде,Бурыл қулық құлындап жатыр,Бурыл қулық құлындап жатыр.