Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Көктемде
Бүршік жарып ағаштарҚұстар ұя салады.Сылдыраған бұлақтарАғып бара жатады.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Құлыншақ
Құлыншақ, құлыншақ,Шапқылайсың даламен.Дос болсайшы құлыншақ,Мен сияқты баламен.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ойын
Ойын маған ұнайды,Көп ойнауға болмайды.Күні бойы доп қусаң,Ақыл-білім қонбайды.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ойыншықтар
Ойыншықтар көп екен,Бірге ойнайық, балақай.Көгорай шалғын көк екен,Жарысайық, алақай!
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ер жетсек
Нан жесеңдер балалар,Үлкен болып өсесің.Сүт ішсеңдер, балалар,Тезірек ер жетесің.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,Әдемі боп, асыл боп.Күндей жайнап кете бер,Қызыл, сары, жасыл боп.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Мысығым
Мысығым, кел, кел маған,Сүт берейін мен саған.Ит кеп қалса, қорғаймын,Көтерейін, сен маған.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Қуыршақ
Қуыршақ, қуыршақ,Таза суға жуынсақ.Қол ұстасып, дос болып,Бақ ішінде қыдырсақ.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Бөпешім
Әлди, әлди бөпешім,Жат бесікте көкешім.Неге жылай бересің,Ертең-ақ жүріп кетесің.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Кішкентай бала
Мен кішкентай баламынКітап оқи аламын.Дәптер, қалам, сызғыштыСөмкеме өзім саламын.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Мұғалім
Мұғалім біздің анамыз,Анамызды сыйлаймыз.Айтқан ақыл, білімінЫқыласпен тыңдаймыз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Күшігім
Күшігім менің келе ғой,Құшағыма ене ғой.Мойныңа бау тағайын,Ойынға ертіп барайын.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Наурыз-ай
Наурыз-ай, наурыз-ай,Тәтті көже бересің.Қарнымыздың тойғаны-ай,Кетпейді әлі елесің.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Әдептілік
Біз әдепті баламыз,Айтқан тілді аламыз.Үлкендерге жол беріп,Біз ақылды боламыз.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Ала мысық.
Ала мысық тырнама,Тырнағаның бола ма?Ұстайыншы қолыңнан,Ойнайық, ер соңымнан.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Бұзау
Тентек болма, ақ бұзау,Еріншек болма, ақ бұзау.Кең далада сенімен,Жарысып мен жүгірем.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Сабақ
Жазғы демалыс бітіпті.Бірінші қыркүйек жетіпті.Сабақ қызық болған соң,Барлық бала келіпті.
© Сейтмағанбетова Жұпар
Кұтты болсын мереке
Көбейді кұт береке Астық толды қамбаға Кұтты болсын мерекеАлтың күзді тойлаймыз
ҚАЗЫҒҰРТ КИЕЛІ НӘР АЛҒАН МЕКЕНІМ
Қазығұрт киелі нәр алаған мекенім,Өзіңде туылдым өзіңде өтермін.Аңыздан құралған аласа тауымды,Келеді құшақтап төбеме көтергім.
© Дәркен Танабаев
Жел атасы
Жел атасы әуес екен Құмкөлге,Сексеуілдей ғашық болдым мен шөлге.Байтақ далам жігерімді қайраған,Айдарымнан сипатамын мен желге.Құмкөл 1991 жыл
© Дәркен Танабаев
Келер деп...
Келер деп қашан қосағым,Маздатар жарым ошағын.Жапанда жортқан тағыдай,Тағдырдан үкім тосамын.
© Дәркен Танабаев
АНА, ЖЕР-АНА
Жер анашым! алтын бесік, құт тараған өріңнен,Ғашық болдым орманыңа қолаң шашы өрілген.Естен танып жұпарыңа, ажарыңа арбалып,Ғашық болдым айдыныңа..
© Дәркен Танабаев
Сүйемін сені
Сүйемін сені күндіз де және түнде де,Сүйемін жазда, көктемде, қыста, күзде де.Сүйемін сені сезімім әбден талғанша,Сүйемін сені жүрегім тоқтап..
© Дәркен Танабаев
Күз айы
Күз айы күнде күлмеген,Тұманды дала бұлыңғыр.Жүректе ұшқын жүр ме едің,Кетпеді ойдан құрығыр.
© Дәркен Танабаев
Махаббат
Махаббат менің құдайым,Құлшылық етіп құлайын.Ұнатып тұрсаң өзгені,Қалайша ұстап тұрайын.
© Дәркен Танабаев