Құлыншақ туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 10
Жаңылтпаштар: 1

МЕНIҢ ҚҰЛЫНШАҒЫМ
Мен алтыға келгенде,Құлын тапты биемiз.Қорада оны көргенде,Мəз-мейрам боп жүремiз.Өзi сондай сүйкiмдi,Ойыншықтай мендегi.Келтiредi күлкiңдi,Мамасын..
©  Ескен Елубаев
Құлыншақ
Құлдыраңдап құлыншақ,Арлы-берлі шабады.«Бестік» алған көңілі шатБаланы еске салады.
©  Қалмаханбет Мұқаметқали
ҚҰЛЫНШАҚ
 Құлдыр, құлдыр құлыншақ,Тентек емес, ұрыншақ.Құлыншақпен ойнаймыз,Ойнаймыз қуыршақ.
Қуыршақтар
Бізде де бар қуыршақ,Аю, қоян, құлыншақ.Қуыршақтар ойнайды,Айтқаныңды тыңдайды.Тыңдамаса егерде,Ойнамайды бізбен де!
Құлын
Құлын, құлын, құлыншақЖелкілдейді тұлымшақҚұйрығында құндызыМаңдайында жұлдызы.
Абайла
Жүрмейсің бе абайлап,Болмасаңшы ұрыншақ!Асыр салып көп ойнап,Ақсап қалдың құлыншақ!
Құлыншақ 
Құлыншақ, құлыншақ,Шапқылайсың даламен.Дос болсайшы құлыншақ,Мен сияқты баламен.
©  Сейтмағанбетова Жұпар