Электр туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 15
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 2

Қалпақ киген бiр бас бар,Төбесiнен iлген.Өз сырын ол түнде ашқан,Аумайды бiр күннен.(Электр шамы)
©  Сұлтан Қалиұлы
Үйiмiзде салбырап,Көп алмұрт тұр албырап.(Электр шамы)
©  Ескен Елубаев
Жарықта көрмес кәріп,Түнде тұр көзді қарып. (электр шамы)
Сымға жалғанып,
Сыммен бойлайды:
Ол келсе шам жанып,
Үй іші жайнайды.

Жауабы: Электр тогы
Тетіктерін бір бассаң,
Қараңғыға нұр шашқан.

Жауабы: Электр шамы
Бассаң түймесін,
Шашады сәулесін.

Жауабы: Электр шамы
Ол жетсе ауылға,
Самсар жұлдыз торабы,
Нұр шашып тұрады.

Жауабы: Электрші
Қызыл ішек
Дөңгелек сайда жатыр.
Ақ шәйнек,
Бұрқылдап қайнап жатыр.

Жауабы: Электр қыздырғышы
Білтесі жоқ, майы жоқ,
Жарқырап от жанады.
Тұтанады шырпысыз,
Өзінен ұшқын шығады.

Жауабы: Электр жарығы
Жарығы күндей,
Таң қалдырар адамды,
Жалындап күймей.

Жауабы: Электр жарығы
Тысы жылтыр,
Iшi жарқыл.

жауабы - Электр шамы
Бассаң түймесiн,
Шашады сәулесiн.

жауабы - Электр шамы
Сырты құдды алмұрт,
Қояды iлiп төбеге,
Оған құмар бар жұрт,
Ол сонда немене?

жауабы - Электр шамы
Сым қуалап бойлайды,
Бұрқылдап іші қайнайды.
Әңгіме шертер мән жайлы,
Әжеңнің қамын ойлайды.
Төбеге ілініп ол тұрар,
Бөлме ішін толтырар.