Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Шөмiшi жоқ,
Теңiздi сапырады.
Кебiсi жоқ,
Егiндi жапырады.
Көрiнбейдi өзi,
Терезенi ұрады.
Айтатын жоқ сөзi,
Ысқырып тұрады,
Болмаса да аяқ-көзi,
Серуен де құрады.
Бұл не?
Бiр дүлей күш – қас пейiлдi.
Итередi кеудеңнен.
Алысайын десең,
Қолға түк те iлiктейдi.
Жердi тырнап,
Бұтаны ырғап.
Шөптi сипап,
Ұшады зырлап,
Жанын қинап,
Ұлиды зарлап.
Шөптi жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйiрiп,
Әкеткен не шүйiрiп?
Көрсең оның ағысын,
Таңғалтар таудың тағысын.
Бұрқап жатқан көк тасқын,
Үстiнен ырғыр жартастың,
Ырық бермес үйiрген
Толқыны асау шүйiлген.
Туған жердiң белбеуi,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуi,
Тасты тесiп, жарыпты.
Бiрде былдыр-былдыр,
Сәбилердiң тiлiндей,
Бiрде сыңғыр-сыңғыр,
Қоңыраудың үнiндей,
Ән сап жатқан ерiнбей,
Бұл не?
Сынаптай жылтырап,
Биiктен сырғиды,
Ән салып былдырап,
Iздейдi ылдиды.
Бұйра жасап сан қилы,
Сұйық жазық шалқиды.
Қия шыңнан құлайды,
Тасты бұзып арыны.
Ақ жалданып тулайды,
Құлақ жарар сарыны.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бiрақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң – қорын тек,
Барша тiрлiк құрайды.
Күннiң көзi түйiлдi,
Көкте бұлт үйiрiлдi.
Сұйық моншақ шашылып,
Жерге нәр боп құйылды.
Көктемде
Дүр сiлкiндi өзен ағынды.
Деп-демде
Шытынап шынысы
Төменге ағылды.
Қызыл құмда көл жатыр,
Шымылдықтай шайқалып.
Бұдан аумас ол тақыр,
Көлбейдi тек жайқалып,
Ұстай алмас қол батыр,
Желмен кетер найәалып.
Еш тесiкке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.
Алдымда тұрды ақ түбiт,
Бiрақ ұстай алмадым,
Жүгiрiп барып аптығып.
Аспан түйдi қабағын,
Сұр пердесiн кердi де,
Жапты жердiң танабын.
Сұрғылт түтiн,
Бүркесе маңайды,
Адастырар талайды.
Дауысыңды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткiзер құлаққа.
Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.
Жиегiне шатырдың
Судан шеге қатырдым.
Мұхитта дәу бiр –
Қалқып тау тұр.
Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.
Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.