Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Малды баға білмеген, пайданы таба білмейді.
Мыңды айдаған бірді мінеді.
Мал малсақты табады.
Малы бірдің - жаны бір.
Малшы малдың жайылғанына мәз.
Ақсақ малдың ақырына бақ.
Ауызын аш, тісі жоқ болса қаш.
Ауызын аш, тісі жоқ болса қаш.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Бақпасаң мал кетеді,
Қарамасаң әйел кетеді.
Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
Ердің малы - елдің малы.
Жайылымы болмаса мал азады,
Қайырымы болмаса жан азады.
Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.
Жайлау жайлай білмеген,
Малды айдай білмейді.
Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.
Елдің көркі - мал, өзен көркі - тал.
Жоқтамағанның малы түгел.
Көп малдан айрылғанда,
Бір малды қасқыр жейді.
Қайтқан малға қасқыр өш.
Малды тапқанға бақтыр,
Отанды алғанға жақтыр.
Мал ашуы - жан ашуы.