Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Тұмса тұсақ қызғаншақ,
Тұмса бие құлынсақ.
Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.
Тоғыз қойдың терісі
Тон шықпаған Толағай.
Жеті қойдың терісі
Жең шықпаған Толағай.
Қойды қосақтау қиын,
Ағыту оңай.
Қалақты жасақтау қиын,
Тарқату оңай.
жан-жануар, төрт түлік мал
Әкесі қой баға білмегеннің
Баласы қозы баға білмейді.
Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.
Қыс қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жаз қойыңа жазық жерді жайлат.
Боз қырауда бойыңды көрсет,
Көктем шыға қойыңды көрсет.
Бидайды қуырған,
Қойды шұбырған құртады.
Кенже туған қозыны
Қошқар қоймайды.
Тентек тойды бұзар,
Шартық қойды бұзар.
Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.
Қойшы қошқарын мақтайды,
Тентек шоқпарын мақтайды.
Мысық жоқта тышқан кісінейді, ит жоқта шошқа үреді
Қадам басқан адам ғана жолды бағындырады
Жомарт бергенін айтпас.
Сәлемнің де сәті бар.
Палуан болар баланың
Етек, жеңі кең келер.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер.
Әркім қолдағы барын,
Қошқар қояды.
Қырсықты қой,
Қыста қырқылады.
Қойдың басы сыйған жерге,
Денесі де сыяды.
Пішенді салқында шап,
Қойды салқында бақ.
Қойың болса,
Қора табылар.
Көңілің болса,
Жора табылар.