Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  286


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ХАТЫҢДЫ ОҚЫҒАНДА

Жасырарың көп менен жансың, айым.
Жазғаныңнан көргім бар жан шырайын.
Қадаламын хатыңның әр жолына,
қан сонарда із кесер аңшыдайын.
Алтын ба екен сөз мәні, күміс пе екен?
Ауа райын жазғаның дұрыс па екен? Бірер
сөзің қалыпты шимайланып,
«бір қу түлкі тығылған жыныс» па екен? Ал,
мына бір сөздердің үзік екен,
көп нүктелер соңынан...
Қызық екен!!
Қырсыққанда әдейі қыр көрсетіп,
«қырғауылдың қалдырған ізі» ме екен?!
Саған, жаным, жұмбақтау ұнай ма екен?
Қыздар әлде осылай сынай ма екен? Желке
қасып отырған жетесізбін, жетпегені маған
бір «құмай» ма екен? Жоқ!
Сезімің сезімімнен озған екен, жүйрік
қалам жүректен жазған екен! Мені тағы
алысқа далақтатар –
«Жауап күтем!» деген бір Сөз ғана екен!
* * *
 Иә, біздер жаз бойы хат алыстық. Ал,
алғашқы кездесу – одан ыстық: кезіп
жүріп тірліктің кеңістігін, кездейсоқтық
жаратқан о Таныстық!..
Менің көкжал Ойларым ұдайы ұлып,
Саған ұнай қоймадым, құдай ұрып.
Екеумізге ортақ бір қайғы болды-ау, өгей
шеше секілді сыпайылық. Өтінемін,
сезімді шектеме сен, көңілде – күз,
көшеде – көктем есен. Хат жазбаймын
деп едім, кешір енді, сөйтетінім бар
менің, өкпелесем.
Не дейтінін кім білсін келешек ел, мұң
шағамын әзірше жеңешеме.
«Жүз жолдасым, жүз досым», бәрі де – аман, жүр
ғой, әйтеу,.. тойлауға ғана шебер... Жамау етіп
тұрмысқа жалақымды, жалбақтаумен қарсы алам
қонағымды.
Өмір жәйлі әңгіме қозғай қалсаң,
бір ақымақ таппайсың, бәрі – ақылды!
Іздей-іздей киелі Сөз құлжасын, ілігуші ем
іңірге...
Жазғырмашы...
«Бірге туған» дейміз ғой, ол да – бекер,
әркімінің өз мұңы – өз мұржасы.
Біреу келіп, «бұл әнің – кешегі әнің,
жалықтырып жіберді!» десе – қане.
Қолды бір-ақ сілтер ем бәріне де,
қайда барам: бауыр – жас, Шеше – кәрі...
* * *
 Хаттарыңа, қалқатай, хал сұраған,
жырларымның жұлдызы тамшылаған. Қу
тірліктің есігін құр күзетіп,
жүре алмайды бұлайша шамшыл ағаң!
Күнде ізден, күнде ойлан, күнде
қарман, қайырылмай барады мұңдақ
арман. Міне, тағы отырмын кешті
тосып...
Бұл түріммен боламын кімге
қорған! Түтіндеймін еріксіз...
Сүлейменнің
құмырасы секілді, Жын қамалған...
Хат жазбайсың, міне енді, Сен де мүлде.
Оңай шығар өзіңе пендемін деу. Екеуміздің
арамыз өте қашық –
мың сағыныш, мың күдік, ең кемінде!..
Әдемі бір әлем ең, маған арман,
Арманшылды алдымен табалар маң.
Жыйнасам да жаз бойғы хаттарыңды,
жыртық көңіл онымен жамалар ма?!.
Түгендетіп еріксіз жоқ-барымды, білем
енді осымен тоқтарыңды. Көзге күйік
болмасын, түсінерсің, Түнге ағызып
жіберем хаттарыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу