Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
487
БАЖАЛАР ӘНІ
Сыпайы, сыр мінез балдыздар,
Балауса жігіттер, бал қыздар.
Қолқалап отыр ғой шырқайық, бажалар
Әнменен көңілдер тазарар.
Балдыздар таңырқап қараған,
Татумыз қыл өтпес арадан
Келіңдер, шырқайық, думанды қыздырып
Қуансын жиналған қыз-жігіт.
Жадырап жарасқан әзілмен
Ләззат ап, шаттансақ мәз үннен,
Әнге кім кедергі келтіріп мазалар
Келіңдер, шырқайық бажалар.
Той жыры шашу боп себілді,
Кеудеден күй шалқып төгілді.
Келіңдер, бажалар көтеріп көңілді,
Әнменен жырлайық өмірді.
Құйылып құт-береке сауырыңнан,
Әсем ән аспандаған ауылыңнан.
Сапырған бейбіт күннің берекесін,
Арманшыл айналайын қауымыңнан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter