Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  86


Автор: Танакөз Толқынқызы

Қалай айтшы көтереді еңсені?

Қалай айтшы көтереді еңсені?
Гүл көзімен сүю, тәйірі, не теңім?
Күте-күте шаршағанда мен сені
Тұрамын да гүл суғарып кетемін...
Жалаң аяқ жүрген жандай ақ қарда,
Айтылмаған сөздеріңнен тоңамын.
Құсни ойдан құса болған шақтарда,
Құстар үшін ұя салмақ боламын.
Ай құлайды мөлдіреген ішіп мұң,
Жалғыздыққа үйрене алмай жүр әлі.
Иесі өліп қаңғып жүрген күшікті
Бауырыма басқым келіп тұрады...
Өлең болып тірілемін дәптерде,
Мені іздейтін керемет күн келеді.
Мен өзіңе өкпелеген сәттерде




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу