Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  194


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Қараша қайғысы

Желбегей жамылып ақ тонын,
Етегін сүйретіп ақ таңым
Түрегелді орнынан.
Қараша қайғысы қақсатып,
Ұршығын баса алмай ақсады.
Шудасы желкілдеп мұз-қырау,
Жолына құрады қақпанын.
Қараша қайғысы қысады,
Шырылдап ай құсы ұшады.
Сәре шал селкілдеп селкеусіз,
Сәлден соң күн суық құсады.
Тұрамын орнымнан,
Аттатпай тұсауым.
Құлаймын…
Жерімді құшамын.
Қараша қайғысы дауала,
Қайтеді-ей, ақбасқын жауама ?
Үйірден оқият адасып қалған құс,
Қалама?
Ауама?...
Қырларды сұмдық бір сыр басып,
Сұлбамды сүңгіттім ауаға...


Қараша қайғысы...
Сары қурай селтиіп,
Қашады даладан өң сиық.
Сәре шал сәл тыныс алады,
Қарайды ғаламға мелшиіп.
Мен оған басымды сүйеймін,
Кеткенше арқамды жер сүйіп.
Қараша қайғысы сырласым,
Қалмасын жанымды түн бысып.
О, ұлы таңсәрі – аңсарым,
Бөрінің үнімен жымдасып,
Кетейін келместің көгіне,
Келеді рухым шыңды асып...



қараша 2009ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу