Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
95
МАҢДАЙДАН СҮЙIП КЕТКЕНIҢ...
Халқына қамқор болғандай,
Камалды бұзып алғандай,
Арман болған қазаққа
Аталы ұл аймаңдай.
Көркiне көзi тоймаған,
Отыз күн тойын тойлаған.
Маңдайда бағы жансын деп,
Қыздың да қамын ойлаған.
Аңсатып алыс қалғандай,
Жүрекке жара салғандай.
Тағдырына талайдың
Тайқы туған сол маңдай.
Маңдайдан сүйiп кеткенiң -
Көңiлiмдi күптi еткенiң.
Арқаның қызы бiр арман
Арқалап жүрсiн деп пе едiң?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter