Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  79


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Тоналу

Өткен сайын сүркейлі жыл шіреніп,
Сахараның бойынан үркіп елік.
Айна көлдер жетім қап еркесінен,
Дала жатыр дірілдеп, сұңқыл өріп,
Табиғат та досынан жұда болды,
Боран ғана аймалап құба белді.
Құрыш жігер үгілді борға айналып,
Тозғындаған, зар жылап торғай-халық.
Ақ күмбезің күн сүйген орға айналып,
Белгі кетті ескерткіш жерге айналып.
Тарихтың ізі өшіп бара жатыр,
Үдірейе қарайды заманақыр.
Жүрміз-ау қам-қайғысыз барға байып,
Тоналған асылдар көп алмағайып.
Ерлігін бабалардың есіме алып,
Тілеймін тәңірімнен таңғажайып.
Күйінем ұрпағыңа азғындаған,
Алайда адамдарға мәз, бұл қоғам.


Өмірдің қызыл қолмен көсеп отын,
Дәу жүгін дүниенің көтеретін.
Бабалар ержүректік бізге жетпей,
Жасайды дәрменсіз ұл неше бекім.
Алайда шықпайды екен жалғыздағы үн,
Әйтеуір жетелейді жалғыз дарын...



15 қараша 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу