Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  216


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

Ай қараңғы, жұлдызын тізбеген көк...

Ай қараңғы, жұлдызын тізбеген көк,
Көкірегімді соғады күз де «мен» деп.
Қараңғыда адасып отырамын
Өзің салған...жүректе – іздер өңдеп.
Қара сия... Қаламсап – бәрі қара...
Қарауытар аспанның тәні дара.
Қызартып тұр қырмызы дүниені
Жүрегімнің қып-қызыл қаны ғана.
Ай қараңғы, жұлдызын тізбеген көк,
Қаңғыбас жел іздейді түзден ермек.
Жұлдызы жоқ түндерден жоғалайық,
Ай-задым-ау, ақсүйек іздеген боп..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу