Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  175


Автор: Қазданбай Қосжанов

АҚ МАРАЛЫМ

Құшағын жайғанда бақтар маған,
Мен неге сырымды ақтармадым?
Тербеген жүрек қылын тоты құс па ең,
Жан сәулем, жаралдың ба ақ арманнан?
Келші, сәулем, ақ маралым,
Жан сырымды ақтарамын.
Толқытпас махаббаттың сыны кімді,
Ал соны бала шақта кім үғынды?
Шын сырым, мәңгілікке жүректегі
Ең алғаш шайқап кеттің тұнығымды.
Келші, сәулем, ақ маралым,
Жап сырымды ақтарамын.
Үзілмес үміт жібін жалғады да,
Сағыныш талай сынға салмады ма?
Кел, енді құшағымда толықсышы,
Өтеуі сағыныштың сол болар ма?
Келші, сәулем, ақ маралым,
Жан сырымды ақтарамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу