Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  161


Автор: Генрих Гейне

ГРЕНАДЕРЛЕР

Француздың гренадері
– екеуі,
 Шықты қашып орыстардан
– тұтқыннан.
Немістердің шыққанда алдан мекені,
Қайғы басып жүректері жұтты удан.
Тек масқара
– естіп, көрген жаңалық:
Айрылыпты әлпештеген отаннан...
Император тар қапасқа қамалып,
Харап бопты бар әскері қаһарман!
Бірі айтады жалбарынып: «Ағажан!
Барлық хабар жетті бізге шер төгіп.
Жүрегімнен барады ағып қара қан,
Ескі жарам жатыр тағы өртеніп!»
Ағасы айтты: «Жетті кезім өлетін!
Қалды әйелім, өңшең өрім жас бала.
Ей, жолдасым!
Көмек қайда беретін,
Жоқ оларда сақина һәм баспана.
Нем қалды енді? Не сұраймын Ғайсадан?
Қатын
-бала Хаққа аманат!.. Жұт
– мұнда!
Қазір менің басқа жақта ой
-санам:
Император тұтқында отыр! Тұтқында!
Орындай гөр: аманатым, жолдасым,
Сарбаз ғұмыр тәмам болды! Келмейді ол!..
Тәнім, бірақ бөтен жерде қалмасын,
Францияға алып барып жерлей гөр!
Әдіптелген орден қызыл таспаға,
Қойғын оны жүрегімнің басына.
Семсерімді белге тағып таста да,
Серт ұстатып мылтықты қой қасыма.
Тіп
-тік күйі сарбаз құсап саптағы,
Күзетшідей болам дәйім қас қақпай.
Жатам естіп: кісінейді аттары,
Зеңбіректер гүрсілін де бас бақпай.
Ол келеді бейіт үстін шаң қылған!
Тулар шулап жеңісті айтып ұранмен...
Император, сонда сенің алдыңнан
Табытымды талқан қылып шығам мен!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу