Әңгімелер ✍️
БОТАҚАНЫМ – БОЗДАҒЫМ
Ананың ұлымен сырласуы
Мына өмір не болып кетті?.. Мағынасыз секілді. Жо-жоқ, қызығы қайтып, мәні жойылғандай көрінеді. Әйтеуір жер басып жүргеніміз болмаса, бүгіннің ертеңнен еш айырмасы жоқ. Күн батады, таң атады, уақыттың сырғығаны ғана сыр береді. Басқа ештеңе елеусіз.
Тірі адам тіршілігін жасайды – дейді. Дұрыс қой, бірақ кім үшін? Дүниеге бала келді – деп қуандық, оны да көптік етті. Алла өзі берді, өзі алды – деп өз-өзімізді жұбатқымыз келеді, онымыз тіпті орынсыз. Ешкімнің далада шашылып жатқан артық баласы жоқ қой. Тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, сосын толғатып туған тұяғымды артық дей алмай- мын. Құс та балапанын қорғайды, оның қасында ақыл иесі адамның орны қандай? Мұз жүректер болмаса, ананың бәрі балаға жат емес. Іштен шыққан шұбар жыланды да өлімге қимаған ана – пейілі не- ткен дархан десеңші! Осыны сезе отырып, адал ниетті аяқ асты еткен тағдырға налимын.
Білесің бе тағдыр, сенің озбырлығың көзді көлдетіп, көңілімді күпті етті ғой. Баламды қайда жібердің? Болашағыма балта шабатын- дай не жазып едім? Аузың болса айтшы?
Жанарым сорғалаған жастан босаған жоқ, қабағыма қонған мұң еңсемді езіп барады. Ойымнан кетпей, түсіме жиі кіретін Әнуардың келбеті көз алдымда тұрады да қояды. Кейде көңілімді алдаусыра- тып, Астанадан келетіндей алаңдап жолға қарайлаймын. Бірақ ха- бар білінбейді. Ал, достарын көргенде ше? Тіпті құлазып кетемін. Ортасында тай құлындай ойнап, жұптарын жазбай жүрген сәттері ойға оралады. Неткен ауыр, опырылып тұрған орнын байқаймын да жүрегімді тырналап өтетін өкініш алқымнан қысып, буып тастай- ды. Жалғыз отырғанда шерімді тарқатып, содан өз-өзіме төрелік ете алмай біразға дейін сең соққан балықтай теңселіп кетемін. Бөлмені ерсілі-қарсылы кезіп, жанымды қоярға жер таппай қиналамын. Осын- ша шым-шытырық күйге түскен көңілді қайтып қалпына келтіре ала- тынымды қайдам, білмеймін. Белкөлге зиратына барғанда көңіл бо- сап, жаныңа жата кеткім келіп, өзімді әрең ұстайтынымды сеземін. Құлыным тоңып қалды ма екен? Сыз, сай сүйегіңді сырқыратып, менің аялы алақанымды аңсап жүрмісің, ботам? Бізді екіге айырған ажалдың арсыз ісіне нәлет, бір-бірімізден мүлдем бөліп тастады емес пе... Қасына келгенмен құшағыма баса алмай қиналып кетемін. Бірақ, құлағыма «Апа» деген даусың оралатындай күй кешемін. Шынында сен мені «апа» дейтінсің. Ал, папаңды «әке» деуші едің. Енді соның бәрі сағым секілді, аң-таңмын.
Білесің бе, Әнуар сенің санаулы ғұмырыңның әрбір сәті көз ал- дымда. Тіпті қылығың да, уыздай шағыңдағы өмірге талпынысың бәрі-бәрі жадымда. Сүйкімдім-ау, солай оны ұмытуға тиісті емеспін, ұмытпаймын да. Ана деген тірі ұмыта ма? Қауызын жарып, шыққан гүл секілдісің ғой, маған. Бүгін соны ақтарып, өзіңмен сырласқым келеді. Тыңдашы, мен баяндайын.
1987 жылдың 9 сәуір күні тәтең Динарадан он бір жылдан кейін сені өмірге әкелдім. Арадағы ұзақ үзілістен кейін көтерген құрсақ, әрине тәтті ғой, оның үстіне жасым ұлғайып қалғанда сүйген сәби алтыннан қымбат емес пе? Ұл болды деп ағайын-туыс құттықтап, той-томалақ та жасалды. Шаңырағымыз кеңіп, бақытты кезең басталды. Бір сәт жаныңнан кетпей, жиі еміземін. Тезірек өскеніңді көргім келеді. Қазір альбомдағы суреттерді қарасам сенің туылған кезіңдегі, перзентханада білегіңе таққан білезікше де тұр екен. Тіпті төрт айлық бесікте жатқан, тағы алты айлық кезіңдегі алғашқы бейнең сақталыпты. Дәл сол кезде Олжас пен Данияр сүндетке отырғызылып еді. Бәрі де күні кешегідей есімде. Ал, жасың тоғыз айға толғанда мен, сен, Динара тәтең, көкең төртеуміз суретке түстік. Бал-бұл жанған жүзің қандай сүйкімді еді. Еріксіз сүйе бергің келеді. Бәріміздің ермегіміз сен болатынсың. Тіпті балалар таласып, мен көтеремін деп жарысып жататын. О тоба десеңші, уақыт қандай жылдам еді, зулап өтті де кетті. Жасқа толғаныңда Бақыт ағаң домбырамен, сырнаймен суретке түсірді. Сырнаймен түскен суретіңді «Мен де Нартай боламын» – деп газетке де шығарып еді. Осы- лай бір жасқа да толдың. Сегізінші сыныпта оқитын Манарбек ағаңмен бірге суретке түстіңдер. Бір жарым жаста Жанар тәтеңнің алты айлық баласы Сұлтан жиенмен, сосын нағашыларыңмен, Меруертпен суретке түсіпсің. Мұнан бөлек құдаларымыз Алтынбек пен Салтанаттың үйле- ну тойында құдағи Күлхан апаңмен суретке түсіп едің. Неткен қызық дәуір десеңші, ешкімді жатырқамай сіңісіп кететін мінезіңді бәрі ұната- тын. Сурет қаншама сыр ашады екен-ау. Жүріп өткен жолдарға қайта оралып, сәтті де тәтті шақтың таң-тамашасын еске түсіреді. Қайран өмір! Мұндай жалған болады деп ойладық па? Әттең-ай, әттең. Адамды алдап қойғанын қарашы. Үміттендіріп, аяғын күдіктендіріп жібереді. Қызығынан шыжығы көп пе деп қаламын. Бәрі уақытша көрінеді. Сондықтан мен үшін құны жоқ дүние секілді. Әйтпесе, келешегі енді кемелденіп келе жатқан ботақанымның шырағын сөндірер ме едің. Е, оқуының пайдалы дәмін татып, еңбегі қайтты дейтін емес. Е, артын- да тұяқ қалып, ізгіліктің ізі өшпеді дейтін емес. Бәйтеректің бұтағын көктей солдырып, тамырын түбімен жұлған қасиетсіздігіңді қалай кешіремін?!
Шырағым, мен не деп кеттім өзі? Сен мен үшін тірісің. Рухың жа- нымда тұрғанын ұмытып барамын. Айтпақшы, сен үшке келгенде жаңа жылды керемет етіп тойлап едік қой. Ортамызда отырғаныңда мереке қызықты болатын. Әкең, мен және тәтең болып бірге суретке түстік. Ол да альбомда бар. Құлыным, сен төрт жаста Жаңақорғанға барып, қызғалдақ тергенбіз. Ұмытпаған шығарсың. Сонда табиғаттың тамаша сәтін суретке басып едік. Көктемдегі кілемдей құлпырған қызғалдақты құшаққа алып, әкеңмен анаңның ортасында суретке де түстің. Есіңде шығар, Әнуар...
Ал, алғашқы балабақшаға барғаның, ондағы топпен тез тіл табы- сып кеткенің, Мұсаның «Ақсиса», Есенғалидің «Қара бауыр қасқал- дақ» әндерін нақышына салып орындайтының ше? Бұл кездерің де тасқа басылған. Алты жасыңда Алматыға барып, Сұлтан, Айман- мен бірге машинаның жанында түскен сурет те сақтаулы. Сондай-ақ Жанар тәтеңнің отбасымен бейнеге түскен кезде ойыңда болар. Манарбектің тойында сүндетке отырғызылып, мұсылман болған сәт те сол күйі таспада тұр.
1994 жылы мектепке бірінші сыныпқа бардың. Одан үш сурет бар. Сегіз жасыңда Дәулеттің үйінде Бағдатпен машинаның қасында суретке түсіпсің. Үшінші сыныпқа аттағанда Майса бір жасқа толды. Осы атаулы күні сендердің, Динара мен Майса үшеуіңнің суреттерің бар. Бесінші сыныпқа барғанда апайың Айымды ортаға алып, класс болып топтасып түскен сурет те үйде тұр. Сонымен қатар Майсамен, Мұхиттың туған күніндегі түскен суреттері мен Самалдың перзентха- надан шыққан кезі де бейнекадрға басылып еді.
1998 жылы Астанаға жол түсті. Ботақаным, сен алтыншы сынып- та едің. Ұзақ сапарға алғашқы шығуың болатын. Осы жолы бес сурет- ке түсіппіз. Ал біреуі машинаның ішінде жағыңа сүйеніп, ойланып отырған сәтің екен. Ол рамада тұр.
Әнуар жетінші сыныпта түскен суретте апаң, Пернебек нағашың, Майса, Аңса, Самал бірге екен. Осыларды көріп отырып, көңілім болсап кете береді. Қандай көркем, өмірге құштар едің ғой. Ботам-ау, жарық дүниеге сыймай кеткенің не? Анаңды аңыратып кеттің ғой. Қазір көп іздейтінді шығардым. Бірдеңе жоғалтып алған сияқты жан-жағыма қарайлай беремін. Ермегім тек суреттермен сырласамын. Сондықтан сурет жайлы әңгіме тарқатып отырмын.
1999 жылы Астанаға шегіртке жауды. Тіпті қаптап кетті. Табиғат- тың осындай тосын жағдайы есте қатты сақталыпты. Өйткені сен қоршаған әлемді сүйетін едің ғой. Сондай-ақ осы жолы тағы бір оқиға. Динара магистратураны қызыл дипломмен бітірген тұғын. Сол қуанышқа біз Жанардың отбасымен бірге барғанбыз. Осыдан да үш су- рет естелік қалды.
2000 жыл. Жаңа ғасыр келді. Динара Алматыдан оралды. Жаңа жылдың тағы да бір таңы атып қалды. Осындай қызықшылықта Динараның туған күнін де тойладық. Онда Ергештің отбасымен және Олжаспен суретке түскенсің. Марқұм Олжас екінші курста оқитын еді. Қайран боздақтарым-ай!
Осы жылы жазда сен Астанада ағаң Манарбектің үйінде болдың.
Ағаң екеуіңнің суретке түскендерің есіңде ме? Бұлар үйде бар.
Әнуар, сен тоғызыншы сыныпта Жұмабек нағашың 50 жасқа толып еді ғой. Сонда нағашыларыңның ортасында суретке түскенсің. Ол да бар. Сонымен қатар Мұнардың қыздары Самал мен Кариманың қасында түскенің де сақтаулы.
Мектептің соңғы жылы – он бірінші сыныбында достарыңмен бірнеше мәрте түскен сурет альбомда тұр. Азамат болған сәттерің, бой- шаң бейнең ерекше неткен сұлу еді. Құдды бәйгеге қосар тұлпар секілді. Сен үлкен өмірге қадам жасайтын баспалдақта тұрған кезің болатын. Біз үмітпен қарап, келешегіңе деген сеніміміз молтұғын. Өйткені, арман- ниетің биік болатын.
Мектепті бітерер сәт. Көп суреттердің ішінде «Кездесу: 2008 жылы, 1 қыркүйек, сағат 9.00-да. №3 көп салалы гимназия» деген келісімдерің жазылған сөз кездесті.
Сенің президент Н.Назарбаевпен қол алысып тұрған суретің бейне- леніпті. Суретте қандай сүйкімдісің, жаным, ботам. Президент болма- саң да, аман болғаның керек еді ғой, жаным.
2003 жылы жеке куәлік алдың. Енді толық құқы бар Қазақстанның азаматы атандың. «Білесің бе ботақаным, сен енді есейген шаққа жеттің. Алдыңда ұзақ белестер бар, соларды жеңіп, елдің бетке ұстар азаматы болуға тиістісің», – деп іштей талай қайталаған едім. Анаңның осындай армандары бар еді, тағдыр соны тәрк етті ғой, балам.
Сонымен 2003 жыл да келді. Мектепті бітірдің. Арман Астанаға жетеледі. Құдай сәтін салып, ҚазГЮА-ға оқуға түстің. Анау-мынау емес, экономика факультетінің «кеден» бөлімі. Осының алдында Алматыға тест тапсыруға бара жатқанда әкең әуежайда уәде беріпті:
«Балам, осыдан оқуға түсіп кетсең, мен саған жаңа автокөлік сый- лаймын», – деп. Ол уәдесінде тұрды. Сен жолың болып, студент атандың. Соған сай алдыңнан ақ «Нива» күтіп алды. Алайда жасың жетпегендіктен саған жүргізушілік куәлік берілмеді. Тіпті сұраған ақшасына да алуға тырысып бақтық. Бірақ тәртіптің аты тәртіп, соған бағынбасқа болмайды.
Не керек, қызығы да, шыжығы да көп студенттік өмір басталды. Күн сайын алаңдап Қызылордада біз қалдық. Әйтеуір телефон жарықтықтың араны жақындатып, жалғап тұратын дәнекерлігі жақсы ғой, оқтын- оқтын байланысқа шығамыз. Еркебұланның Астанаға барғанында сен, Манарбек, Айдос төртеуің суретке түсіпсіңдер, қазір ол рамкада тұр. Ұмытпасам, 2005 жылдың 10 сәуір күні сен көптен күткен жүргізуші куәлігін алдың.
2004 жылдың қысқы семестрінен кейін оқуды Қызылордаға ауыс- тырып алдық. Себебі жиі сағынып, орныңды жиі іздейтін болдық. Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің экономика факуль- теті қаржыгер бөліміне. Осы жылы нағашың Нұрбек үйленді. Сол қуа- нышта сен ізгі тілек, ағаңа жақсы арнау айтыпсың. Ол бейнетаспаға түсіріліп алынған екен. Қазір кассета қолымызда.
Осы жылдан бастап әйтеуір той көбейді. «Ниваны» «Маздаға» ауыстырып, алғашқы аяқ алысында Нуриктің тойына қызмет етті. Әкеңнің де 60 жасқа толу мерейтойын тек әулетімізбен «Қыз Жібек» мейрамханасында атап өттік. Тойда бірнеше дүркін суретке түстік.
Осыдан кейін 23 наурызда жолдасың Бағлан үйленді. Онда да су- ретке, бейнетаспаға түскен екенсің. Арада бірнеше күннен (09.04.06) соң сенің туған күніңді атадық. Әкең кафеге деп ақша берді. Мен 45000- ға ұялы телефон әпердім. Сол кездегі мен үшін бағасы ең қымбат сый- лық болып көрінді. Сол жолы кафе дирекциясы саған ризашылық әрі құттықтау қағаз беріпті. Ол үйде тұр.
Достарыңмен серуенге шықтың. Сен табиғатты сүйетіндіктен кең тыныстауға даланы таңдадық. Таза ауа аясында біраз бой жаздың. Сөй- тіп суретке, бейнетаспаға бастық. Сол бейнетаспада Динара құрбың екеуіңнің атқа мініп бара жатқан кезің бар екен.
Шілде түскенде сен, Айдос, мен, Майса, Аңсарым бесеуміз «Мерке» демалыс үйіне бардық. Одан ескерткіш ретінде үш суретке түскенбіз. Демалыс үйінен қайтқан соң бес күннен кейін сендер төртеуің Алматы- ға кеттіңдер. Сол жақта жүріп машина алыпсыңдар. «Тойота Камри» деген. Ал тамызда Бағдат пен Мақсат айдаған екі көлікпен Астанаға бардық. Ішінде мен, әкең және Ақмарал болды. Марқұм Олжас екеуің сол машинаның ішінде суретке түскен екенсіңдер, оны рамкаға салып қойдық. Ол кезде Олжас құқық қорғау қызметінде еді. Осылай сәтті жалғасқан өмір қас-қағымда қарс айрылады деп кім ойлаған? Бүкіл әлем тұманданып, бұлдыр күй кешеді деген ой болған да емес. Сюжеті сұрықсыз кинокадр секілді өмір өте шықты. Қазір анаңның қандай күйде екенін білсең ғой. Жүрегінде жаны бар демесең ішінің бәрі күйік. Қазақта «Қайғысыз болса адам қара суға да семіреді», – дейді. Ақиқат. Пендені парықсыз қайғы қинайды. Кейбіреулері айтады: – әйелдер жы- лап-жылап іштегі шерін тарқатып алады деп. Бұл мүлдем жанаспайды. Жылаудың да жылауы бар. Әсте шатаспасын.
Әнуар, осындай сырымды саған ақтарып отырмын. Екеуара сөйлес- кім келеді. Бірақ сенен жауап жоқ. Үнемі үнсіз қаласың.
Әйел адамның еркектен бір айырмашылығы олар болған жағдайды ешқашан ұмытпайды. Тіпті сағатына дейін есте ұстайды. Бәлкім со- дан ба, сенің барлық жүріп өткен жолың айна-қатесіз көз алдымда тұр. Бұрын күнделік жазбайтынмын. Енді соған тәуелді етті. Сол мақсат бо- йынша қағазға түгел түсіруге тура келді. Байқаймын артық-кемі жоқ сияқты. Әнуар, сен сезіп тұрсың ба, осының бәрін. Мен енді ең ауыр, ең қасірет тартқан жерге жеттім. Қапыда көз жұмған сәтте ештеңе сез- беген шығарсың. Оқиғаның қалай болғанын баяндайын. Бірақ жылай көрме, құлыным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter