Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
126
Бәрі өз мезгілінде
Тұңшығып өз деміме,
Жас толып көздеріме,
Құдай-ау!
Жастық шақтың
Өтерін сезбедім бе?!
Кеш те емес,
Ерте де емес,
Бәрі өз мезгілінде.
Мән бермей езге мүлде,
Ерлерге кез келдім бе,
Тағдырдың салмағына
Майысып, төзбедім бе?!
Кеш те емес,
Ерте де емес,
Бәрі өз мезгілінде.
Бақытқа мәз күнімде
Жетсін деп сөз бүгінге,
Қиялды кезбедім бе,
Жаманнан безбедім бе?!
Кеш емес,
Ерте де емес,
Бәрі өз мезгілінде.
Тоймаса көз көруге,
Қиналсаң сөз беруге,
Жатса да тозып тәнің,
Бола ма өзгеруге?!
Кеш емес,
Ерте де емес,
Бәрі өз мезгілінде.
Бәрі өз мезгілінде...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter